12.05.2021, 10:55
Қараулар: 44
Ауру бәсеңдемей тұр

Ауру бәсеңдемей тұр

Бәйтерек ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызыл аймақта. Жыл басынан бері 1583 ауру жұқтыру дерегі тіркелген. Олардың 1003 симптомды, 580 симптомсыз болыпты.

Бізге ақпарат берген аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев берген мәліметке сенсек, ковид-19 ауруына 489-зейнеткер, 12 мүмкіндігі шектеулі жан, 61мұғалім, 102 оқушы, 41 мед қызметкер, 26 студент және он алты жасқа толмаған 15 адам шалдыққан.

Қазіргі таңда ауданда 364 адам ауырып жатыр. Олардың 275 симптомды, 89 симптомсыз. 322 адам үй карантиніне жабылса, 42 науқас ауруханада.

-Жыл басынан бері 1219 адам жазылып шықты. Олардың 498-не стационарлық ем қонса, 721 адам амбулаторлық емдеуден кейін айықты. Күні бүгінгі мәлімет бойынша 16 адам қаза тапты,-дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбеталиев.

Ауданның бас санитарының айтуынша, соңғы тәулікте ауданда ковид-19 ауруын жұқтырудың 65 жаңа жағдай тіркелген. Сонымен қатар карантин талаптарын сақтау жағы да ақсап тұр. Осы кезге дейін санитариялық талапты бұзудың 12 дерегі тіркеліп, хаттама толтырылған.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы