9.08.2021, 15:50
Қараулар: 51
Ауыл тазалығы — ел тазалығы

Ауыл тазалығы — ел тазалығы

Ауыл аумағының тазалығы қашан да бірінші орында. Осы күні Бәйтерек ауданына қарасты біраз ауылдық округ маңындағы қоқыс полигондары түйіліп, шашылған көң-қоқыс арнайы орындарға шығарылды.

Бұл іске тек әкімдік қана емес, қарапайым тұрғындар да белсенді атсалысуда. Кей кездері жомарт кәсіпкерлер де қолынан келген көмегін көрсетіп жатады.

Жуырда Белес ауылдық округінің әкімдігі Кордон станциясына барар жол бойында өскен ағаштарды шауып, жол бойын көң-қоқыстан тазартты. Ауыл әкімі Мәлік Ильясовтың бастамасымен қолға алынған игі іске жергілікті қоғамдастық мүшелері мен тұрғындар көмектесті.

-Ауылдың тазалығы — елдің тазалығы. Осындай игі іске жұмылған ауылдастарыма ризашылығым шексіз. Сондай-ақ техникасын беріп, көмек еткен «Адал арна» ЖШС-нің директоры Ж.Нұрлыбаевқа да ел алғысын білдіргім келеді,-дейді округ әкімі М.Ильясов.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы