3.08.2021, 17:43
Қараулар: 49
Ахуал өзгеріссіз

Ахуал өзгеріссіз

Бәйтерек ауданындағы эпидимиологиялық ахуал өзгеріссіз. Жаңартылған статистикаға сүйенер болсақ, ауру жұқтырғандардың саны әлі де азаймапты.

Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың 421 симтомды, 50 симптомсыз екен. жалпы 421 адамның ПЦР тесті оң нәтиже берген. Эпидимиолог бұл алдыңғы көрсеткіш бұрынғылармен салыстырғанда әлдеқайда көп екенін айтуды.

-Вирус жұқтырған науқастардың 23-і ауруханаларға жатқызылған, 448-і үй карантинінде. Індет өңірімізде көбіне карантин ережелерін дұрыс сақтамағаннан таралып жатыр. Ауруға шалдығып жатырғандардың басым бөлігі, бір отбасы мүшелері вирусты көпшілік шоғырланған жерелерде, той-томалақтарда бір-біріне жұқтырып жатады. Жағдайдың алдын алу мақсатында өзіміздің және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарап, карантин ережелерін мұқият сақтайық,- дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбетәлиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы