22.04.2021, 11:05
Қараулар: 26
Балапан таратылды

Балапан таратылды

Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасына кәсіпкерлер де белсенді атсалысуда. Жуырда өңірімізге танымал «Ақас» агрофермасының басшысы Қатауолла Ашығалиев Переметный ауылының тұрғындарына 1726 тауық балапанын тегін берді.


Аудан басшылығының қолдауымен іске асырылған қайырымдылық шарасы барысында таратылған балапандарды ауылдық округ әкімдігі 79 аз қамтылған, көпбалалы және жұмыссыз отбасыларға бөлді.

Рамазан айындағы қайырымды іс жасап, көпшілік алғысына бөленген Қатауолла Миралиұлына жергілікті тұрғындардың алғысы шексіз.

Аудандық ауыл шаруашылғы бөлімінің берген мәліметіне сенсек, «Ақас» агрофермасы Бәйтерек ауданының барлық ауылдық округтеріне осындай сый жасап жатыр екен. Бөлім мамны Гүлжан Шатокқызы ауданға жалпы саны 15500 балапан бөлінгенін айтады. Бүгінде ол шөжелер барлық ауылдарға жетізіліпті.

Өз тілшіміз