1.03.2021, 9:53
Қараулар: 81
Балғын өнерпаздың жүлдесі

Балғын өнерпаздың жүлдесі

Жуырда Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығы, Дариян ауылдық мәдениет үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінің оқушысы София Пудова Мәскеу қаласында өткен балалардың дамуына арналған «Огни новогодней Москвы» халықаралық шығармашылық байқауына қатысып, «Сәндік қолданбалы өнер» аталымында бірінші орын иеленді.

Балғын өнерпаздың жетекшісі Эльвира Мұхамбетованың айтуынша,Софияның үйірмеге қатысқанына екі жыл болыпты. Осы уақыт аралығында түрлі сайыстарда бақ сынап, мол тәжірибе жинаған. Талай мәрте қжеңімпаз атнып та үлгеріпті.

-Софья шәкіртім өткен жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының мерейтойына орай ұйымдастырылған Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында өткен байқауда екінші орын еншіледі. Ол қашанда көркем өнерге құштар, жаңа нәрсе үйренуге ұмтылып,үнемі ізденіс үстінде жүреді,- дейді Э. Мұхамбетова.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы