22.06.2021, 17:09
Қараулар: 22
Батырлар рухына құрмет

Батырлар рухына құрмет

Екінші  дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл. Осы қаралы датаға орай  Дариян және Озерный ауылдық кітапханашылары соғыста қаза тапқан сарбаздар еске алуға арналған «Еңсесі биік — Ұлы Жеңіс»  атты жиын өткізді.

Ауыл ортасындағы «Батырлар монументі» жанында өткен шараға сұрапыл жылдары қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Кейін ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

-Төрт жыл от пен оқтың ортасын болған соғыс ардагерінің көбі арамыздан жоқ болғанымен олардың ел үшін еткен ерлік ұмытылмайды. Бабаларымыздың қанымен, аналарымыз бен тылдағы еңбеккерлердің маңдай терімен келген Жеңістің орны қашан да айрықша.  Бүгінгі ұрпақтың басына ондай қасірет келмесінортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, дами берсін,- деді жиынды ашқан округ әкімі Тілек Кәкенов.

Сондай – ақ жиынға қатысқан   БҚО  Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының  орынбасары Вера Шохина, Дариян ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құлымбетов те елді қасіретке душар еткен соғыс болмасын деген тілектерін білдіріді.

Шара соңында Дариян ауылдық кітапхана меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева мен Озерный ауылының кітапханашысы Мария Еременко     «22 маусым   — Ұлы соғыстың басталуы»  аттты тақырыпта жасақталған кітап көрмесімен таныстырып,соғыста шейіт болғандардың ерлік істері мен өмірбаяндары жайында баяндады.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы