2.09.2021, 16:08
Қараулар: 36
Болашқа тұрғындары белсенді

Болашқа тұрғындары белсенді

Әр адам өз жерінің таза болғанын қалайды. Өйткені тазалық-саулықтың белгісі. Жуында Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округіне қарасты Болашақ елді мекенінің тұрғындары ауыл көшелері мен балалар ойын алаңында тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмысқа тұрғндардан бөлек аудандық жұмыспен қамту орталығынан екі адам жұмысқа тартылды.

Тұрғындар қоқыс қалдықтары көп шыққанын айтады. Жалпы төрт тоннадан қоқыс қалдықтары шығарылады. Сонымен қатар ауыл кітапханашысы А. Қарабалина ауыл тұрғындарына тазалық сақтау, ауылды таза ұстау керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

-Бұл жұмыстар осымен тоқталмайды,одан әрі жалғасын табады. Елді мекен тұрғындарының аталмыш жұмысқа түсіністікпен қарап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Әсіресе жастардың белсенділігі жақсы. Аға буын өкілдері де игі шарадан тыс қалмады,-дейді кітапханашы А.Қарабалина.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы