23.12.2021, 16:24
Қараулар: 38
Біраз ел ауыз суға қол жеткізді

Біраз ел ауыз суға қол жеткізді

Бәйтерек ауданында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Аталмыш бағдарлама арқылы биыл ауданға бір миллиардтан астам қаржы бөлініп, ойдағыдай игерілуде.
  Ең алдымен аталмыш бағдарлама арқылы Дариян ауылында 12 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Күні кеше баспана құрылысы аяқталып, шеретте тұрғандар мен көпбалалы отбасыларға және мұқтаж жандарға пәтер кілті табысталды.
Одан бөлек «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Январцев ауылына су құбыры салынып жатса, дәл сондай жұмыстар Рубежин және Дариян ауылдарында да жүргізілуде.
Ал Янайкин ауылы ауыз суға қол жеткізді. Алдағы уақытта Январцевтағы ағайын да таза ауыз су тұтынатын болады. Ал Рубежин мен Дариян ауылдарындағы жұмыстар келер жылы аяқталмақ.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz