3.02.2021, 9:02
Қараулар: 135
Бәйтеректе вирус жұқтырғандар азайып келеді

Бәйтеректе вирус жұқтырғандар азайып келеді

Бәйтерек ауданында «Covid-19» вирусының таралуына байланысты ақпан айына жасалған деректер көрсеткіші алдыңғы айға қарағанда өзгерген.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбетәлиевтің сөзінше, бүгінде вирус жұқтырғандар мен ауруханаға жатқызылған науқастардың саны азайған. Десе де, өңіріміз әлі де қызыл аймақта екенін естен шығаруға болмайды. Әр тұрғын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, бетперде тастамағаны абзал.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының мәліметінше, ауданда коронавирустық инфекция жұқтырған адамдардың 126-сы симптомды болса, 46-сы симптомсыз екен. Қазіргі таңда 37 науқас ауруханаға жатқызылған. Олардың 16-сы аудандық ауруханада, 17-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, ал 4-еуі модульдік ауруханада ем алып жатыр екен. Тағы 125 адам үй карантинінде.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы