16.03.2021, 17:05
Қараулар: 51
Бәйтеректе 94 адам індет жұқтырған

Бәйтеректе 94 адам індет жұқтырған

Жыл басындағымен салыстырғанда Бәйтерек ауданындағы эпидемиолгиялық ахуал айтарлықтай тұрақты. Алайда, жағдайдың тынышталуына қарамастан, вирустың таралу қаупі әлі де бар. Қазіргі таңда аймақтағы Covid-19-ға қатысты жаңартылған мәліметке сүйенсек ауданның 94 тұрғыны ауру жұқтырыпты. Бұл мәліметті бізге аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев берді.

-Ауданда вирус жұқтырған 94 науқастың 55-і симптомды, 19-ы симптомсыз. Қазіргі таңда 5 науқас аудан орталығындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатса, Оралдағы қалалық көпсалалы ауруханада 4 науқас және 19 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Сондай-ақ 46 азамат үй карантинінде оқшауланған, -деді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы