2.08.2021, 9:32
Қараулар: 49
Бәйтерек ауданынның Переметный бетінде он мыңғы жуық адам екпе алған

Бәйтерек ауданынның Переметный бетінде он мыңғы жуық адам екпе алған

Қауіпті індеттен құтылудың бір жолы екпе алу болып отыр. Қазіргі таңда аудан тұрғындары егілуге көптеп клуде. Переметный ауылындағы аудандық орталық аурухана эпидемиологі Әсем Темиргалиеваның берген мәліметінше, ауданың Переметный бетінде тұратын 12348 тұрғын екпе алуы керек екен. Олардың 6315 бірінші, 4830 адам екінші компонентпен егілген.

-Алдымызға қойылған жоспардың жартысын орындап отырмыз. Десе де аудан тұрғындарының 70 пайызы екпе алуы керек. Сондықтан атқарар жұмыс шаш етектен,-дейді аурухана эпидемиологі Әсем Темиргалиева.

Әсем Әлібиқызының айтуынша, жоғарыда көрсетілген 12348 адамның саны әлі де өседі екен. Өйткені олардың қатарына жасы 18-ге толмағандар және коронавируспен ауырып шыққандр қосылмапты. Былайша айтқанда екпе алатындардың саны 13 мыңға жуықтайды деген сөз. Қазіргі екпе алу көрсеткіші көңілден шығып тұр. Өйткені келушілер күн санап артқан.

Сонымен қатар соңғы кезде 18-ге толмаған балаларға да екпе салынады деген ақпарат көп тарауда. Аурухана эпидемиологі бұл мағлұматтың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Сөзінше, балаларға екпе салу туралы ешқандай ресми құжат жоқ көрінеді.

-18 толмаған балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер екпеден босатылды. Бұдан бөлек созылмалы аурулары бар тұрғындар мен вакцинаға аллергиясы бар адамдарға екпе салынбайды. Олардың әрқайсына екпе салмауға болатыны туралы анықтама беріледі. Ковидпен ауырып шыққан тұрғындар үш айға дейін екпе аламайды,-дейді аурухана эпидемиологі Ә.Темиргалиева.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы