22.07.2021, 10:59
Қараулар: 56
Вакцина алу белсенділігі артып келеді

Вакцина алу белсенділігі артып келеді

Бәйтерек ауданы Приурал аймағына қарасты, яғни Дариян бетіндегі мектеп мұғалімдері жаппай вакцина алып, көпке үлгі көрсетуде.

№2 аудандық аурухананың екпе салу кабинетінің медбикесі Гүлсезім Баймұқанованың мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған мұғалімдердің саны бес жүзден асқан. Одан бөлек, тұғындармен көп қарым-қатынасқа түсетін дәрігерлер де азаматтық борышын адал атқаруда. Қазіргі таңда вакцина алған ақ халаттылар саны екі жүзден асып жығылған екен.

-Соңғы уақытта вакцина алушылар саны артты. Екпе пунктіне келіп, егіліп жатқандар да көбейді. №2 аудандық аурухана қызметкерлері 100 пайыз екпе алды. Індетті жеңудің жалғыз жолы осы болғандықтан демалыс күндері де жұмыс жасап жатырмыз. Кей кездері түсіндірме жұмыстарын да жүргіземіз,-деді Дариян ауылындағы №2 аудандық аурухананың екпе салу кабинетінің медбикесі Гүлсезім Баймұқанова.

Соңғы тәулікте 27 студент, 41 әлеуметтік саладағы қызметкер, шекарашылар, құқық қорғау қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер егілуге көптеп келіп жатыр екен. Жалпы ауданның Дариян аумағында вакцина алғандар саны үш мыңнан асқанын айтады мамандар.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы