13.04.2021, 12:27
Қараулар: 38
Дарияндағы сенбілік

Дарияндағы сенбілік

«Тазалық — табалдырықтан басталады» демекші өзіміз тұрып жатқан ауылды таза ұстау әр тұрғынның басты міндеті. Туған жерінің таза болғанын қалайтын дарияндық ағайын сенбілікке шығып, ауыл ішін тазалады.

Сенбілік туған жерді әрлендіре түсіп, Дариянды таза ауылға айналдыру және көркее өз үлесін қосу мақсатында өткізілді.

Дәстүрлі түрде өткізілетін сенбілікке барлық мекеме, ұйым қызметкерлері мен ауыл жастары және қарапайым тұрғындар бір кісідей атсалысты.

-Әр мекеме, ұжым қызметкерлері бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Бұл сенбілік ауыл адамдарының табиғатқа деген жақсы қарым – қатынастарын қалыптастыруға, санитарлық жағдайдың жақсаруына бағытталған болатын .Алдағы уақытта да осындай сенбіліктер жалғасын табады деген сенімдемін, — дейді ауылдық әкімшілігінң бас маманы Ирина Лесунович.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы