7.07.2021, 9:14
Қараулар: 16
Екпе алғандар сыйлыққа ие болды

Екпе алғандар сыйлыққа ие болды

Бәйтерек аудандық ауруханасы Covid-19 вирусына қарсы екпе алғандардың арасында ұйымдастырған «Вакцина ал да, жүлде ұтып ал» атты лотереяның қорытындысы шықты.

Аудандық аурухана ғимаратының алдында өткен лотерея екпе алғандар тұрғындарға арнайы берілген билеттерді суыру арқылы ойнатылды. Оған 700-ден астам пациент қатысып, 71 тұрғын ұтыс жүлдеге ие болды.

Лотерея жеңімпаздарына медициналық тонометр, жүрек соғысын қадағалап отыратын смарт сағаттар, қандағы қант мөлшерін көрсететін глюкзаметрлер, небулайзерлер, мобильді медициналық қобдишалар және тағы да басқа сыйлықтар ұсынылды.

-Бүгін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация аясында маусым айында жүргізілген науқанның қорытындысы өткізілді. Ұтысқа аудан ауруханасының пациенттері қатысты. Науқан әділ өтті. Осы ретте лотерея ойынын өткізуге демеушілік еткен «Медмаркет», «БатысМедОпт», «DARHAN», «Jysan Bank» ЖШС-не аурухана атынан алғыс білдіреміз,-дейді аудандық аурухананың эпидемиолог дәрігері Әсем Әлібиқызы.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы