29.12.2021, 13:57
Қараулар: 35
Екі ауылда мұз алаңы ашылды

Екі ауылда мұз алаңы ашылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданға қарасты Макаров және Щапов ауылдық округтерінде балаларға арналған сырғанақ ашылды.

Щапов округі әкімшілігінің және Макаров округ əкім аппаратының жұмысшылары, ауыл жастары мен тұрғындардың ұйытқы болуымен іске асырылған игі бастама тұрғындар көңілінен шыққан.
Енді ауыл балалары бос уақытында қалағандарынша коньки теуіп, жастар ауылдастарымен хоккей ойнай алады.

Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген әкімдік қызметшілерінің айтуынша, бұл бастама ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді екен. Оның үстіне өздерін қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылығын оятпақ.
-Мұз алаңының ашылғанына барлығы разы. Әсіресе мектеп оқушыларының қуаныштарында шек жоқ. Қысқы демалыс уақытында бос уақытын тиімді өткізуге пайдасы мол болады. Оқушылардың ата-аналары мен ауыл үлкендері де ризашылықтарын білдіріп, балалармен бірге қызықтап жүр, -дейді Макаров əкім аппаратының жетекші маманы Маржан Айтуарова.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz