23.12.2021, 12:02
Қараулар: 35
Елді мекендер табиғи газға қосылатын болады

Елді мекендер табиғи газға қосылатын болады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халықтың әл ауқатын арттырып, елдің қажеттілігін қанағаттанду ісіне үлкен мән береді. Әсіресе ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында. Қазіргі таңда облыс әкімінің қолдауымен аудан әкімдігінің бастамасымен мемекет басшысының тапсырмасын орындау ісі ойдағыдай жүзеге асуда.

Осы кезге дейін Бәйтерек ауданының көгілдір отынмен қамтылуы 90 пайызға жете қабыл болған болса, биыл бұл көрсеткіш өсті. егемендіктің 30 жылдығы шеңберінде өткен 2021 жылы біращ ел көгілдір отынға қол жеткізді.

Атап айтар болсақ, биыл ауданның 9 ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз ету ісі оңынан шешілді. Алты ауылға кірер жылуға тапсырысты «БҚО энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі берсе, қалған үш ауылдың тапсырысын «Бәйтерек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынды.

Көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысы үш айдан жеті айға дейінгі мерзімді алады.

Қазіргі таңда аудан орталығы Переметный округіне қарасты Паливное елді мекені газбен қамтамасыз етілсе, алдағы уақытта Кирсанов, Красный свет, Павлов,Владимировка, Горбунов, Мирный, Кіші Шаған мен Чесноков көгілдір отынға қосылмақ.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz