26.07.2021, 11:32
Қараулар: 68
Жамағат садақ тартып, күш сынасты

Жамағат садақ тартып, күш сынасты

Жуырда Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округіне қарасты Асан елді мекеніндегі мешіт жамағаты арасында садақ атудан сайыс оздырылды.

Асан ауылдық мешіті имамы Мұратбек қажы Жахатов жамағаттың ұйымдастыруымен өткен сайыс карантин ережелерінің қатаң сақталуымен оөдырылды. Табиғат аясында өткен спорттық шараға қатысушылар садақ атудан бөлек гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресінен сайысқа түсті. Сондайц-ақ білім сайысы да ұйымдастырылып, жиналғандарға дін жөнінде викториналар сұрақтар қойылды.

Садақ тарту сайыстың қорытындысында жеңімпаз атанғандарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар білім бәйгесі мен басқа да сайыс жеңімпаздарына да ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар берді

-Сайысты ұйымдастырудағы басты міндетіміз ұлттық құндылықтарымыздың дәріптеу және ұлттық спортқа деген қызыуғышылықты ояту болды. Кейінгі ұрпақты мергендікке, шапшандылыққа, ептілікке баулитын спорттық ойындарды насихаттау арқылы атадан қалған мұраның ізін жалғау да біздің міндетіміз. Осы ретте іс-шараның өтуіне септігін тигізіп, демеушілік еткен «Шапағат шамшырағы» қоғамдық қорына Асан ауылының тұрғындары атынан алғыс білдіреміз, — дейді Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жахатов.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы