15.07.2021, 15:08
Қараулар: 68
Жастар өзен жағасын тазартты

Жастар өзен жағасын тазартты

Бәйтерек ауданында «Бірге Таза Қазақстан», «Саябақтар шеруі» және «Таза су» табиғатты қорғау экологиялық акциялары аясында жағалауларды көн-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Жасыл Ел» еңбек жасағының жауынгерлері күш біріктірген сенбілікке «ЖасДем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Ұзақбайұлы да қатысты.

Жастардың бастамасына қашан да қолдау болатынын айтқан қоғамдық бірлестік жетекшісі Т.Ұзақбайұлы акция әлі де жалғасын табады деген сенімін білдірді. Шара барысында жастар өзен бойындағы демалыс орнын толығымен тазартып, қоқысты арнайы орындарға шығарды.

-Аталмыш науқан экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, салауатты өмір салтын ұстанып, ерік-жігерді шыңдау, ішкі туризмді дамыту мақсатында оздырылды. Қазір шараға ауданның басқа да ауылдық округтерінің жастары да қолдау көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта жалғаса береді. Ауыл тұрғындарын өзен жағасын таза ұстауға шақырамыз, — дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Асылбекқызы.

Аружан АМАНЖОЛ,