13.07.2021, 17:47
Қараулар: 10
«Жасыл ел» жасақтарының жарқын істері

«Жасыл ел» жасақтарының жарқын істері

Шілде айында Дариян ауылдық окруігінде «Жасыл ел» еңбек жасағы екінші маусымын бастады. Он жауынгерден құралған топ ауыл орталығындағы батырларға арналған ескерткіштің жанына отырғызылған гүл айналасындағыарам шөптерді жұлып,уақытылы суарып тұрады.

Округ әкімі Тілек Кәкеновтің айтуынша, жұмысқа тартылған жастар әр ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды екен. Бүгінде олар тек ескерткіш маңын тазалап қана қоймай, дауыл әсерінен құлаған көше бойындағы ағаштарды жинап, ауыл ішін абаттандыруға көп үлес қосуда.

-Алдағы уақытта «Таза жағалау», «Ардагерлерді ардақтайық» акцияларына белсене қатысып, қайырымдылық жасауды да жоспарлап қойды. Жауынгерлердің бәрі еңбекқор, жұмысқа деген құлшыныстары жоғары. Санитарлық нормаларды естен шығармай, волонтерлікпен айналысады. Еңбекқор жастар игі істерімен ауыл тұрғындарына үлгі бола алды,- дейді ауыл әкімі Тілек Кәкенов.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы