16.08.2021, 16:36
Қараулар: 53
Жас маман жұмыссыз қалмайды

Жас маман жұмыссыз қалмайды

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында білім беру саласының қызметкерлеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтті. Аудандық  білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен оздырылған жәрмеңкеге ауданның барлық мектеп басшылары қатысты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 50-ден астам маман келді. Негізінен  мектепке дейінгі білім беру, бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі , тарих, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері жұмысқа тұруға ниет білдірді.

-Жәрмеңке барлық санитарлық талаптардың сақталуымен оздырылды. Ендігі кезекте үміткерлер конкурстық негізде жұмысқа қабылданатын болады. Жалпы осындай шаралар еңбек нарығын соның ішінде білім саласындағы бос жұмыс орындары бар екенін анықтауға және жас мамандардың ішінен мықтыларын таңдауға мүмкіндік береді,-дейді аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Г.Рамазанова.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы