14.06.2021, 9:12
Қараулар: 24
Жауын салдары жойылды

Жауын салдары жойылды

Күні кеше жауған нөсер жаңбыр мен қатты жел кесірінен Бәйтерек ауданы орталығындағы бірнеше мекеменің шатыры ұшқан. Бұл жайында аудандық төтенше жағдай бөлімі хабарлады.
-Шатырдың ұшуы аудан орталығында орналасқан екі әлеуметтік мекеме мен шаруа қожалығы ғимараттарында тіркелген. Осының салдарынан төтенше жағдай қызметкерлері  нысандарды аралап, оқиғамен танысты.
Желдің қатты екпіні мен жауын-шашын салдарынан мекеме шатырлары зардап шеккен. Адам шығыны орын алған жоқ. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүріп жатыр, — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Талғат Бекмұханов.
Сондай-ақ Переметный ауылындағы бірнеше үйді су басқан. Қазіргі таңда үйге кірген су толығымен сорылған. Оны округ әкімінің орынбасары Мирасбек Төрешев растады.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы