8.04.2021, 12:41
Қараулар: 36
Жағдай мәз емес

Жағдай мәз емес

Бәйтерек ауданында эпидимиологиялық ахуал күрделеніп барады. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасынан алған жаңартылған статистикаға сүйенер болсақ, ауру жұқтырғандардың саны әлі де азаймай отыр екен. Алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда бір апатада тағы 46 адам вирус жұқтырған. Қазіргі таңда ауруға шалдыққан 158 адам бар. Олардың 104 симтомды, 54 симптомсыз.

-Вирус жұқтырған науқастардың 34-і ауруханаларға жатқызылды. 124 науқас үй карантинінде. Індет ауданымызда карантин ережелерін дұрыс сақтамағаннан таралып жатыр. Ауруға шалдығып жатқандардың басым бөлігі, бір отбасы мүшелері. Жағдайдың алдын алу мақсатында өзіміздің және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарап, карантин ережелерін мұқият сақтау әрбіріміздің міндетіміз,- дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы