8.09.2021, 9:31
Қараулар: 26
Жағдай тұрақталып келеді

Жағдай тұрақталып келеді

Бәйтерек ауданындағы эпидемиолгиялық ахуал бір қалыпты. Соңғы статистикамен салыстырғанда аудан аумағындағы науқастардың саны 60 адамға азайған.

Десе де аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасы мамандары бір тәулікте орташа есеппен 30 шақты тұрғын вирус жұқтыратынын айтады. Індеттің таралуы Дариян және Переметный ауылдық округтерінде көптеп тіркелген. Бүгінгі таңда 339 адамның ПЦР тесті оң нәтиже көрсетіпті.

-Қыркүйек айының екінші аптасындағы статистика бойынша ауруға шалдыққан 339 азаматтың 314-і симтомды, 25-і симтомсыз. 21 адам ауруханада ем алып жатса, 318 адам үй карантинінде. Бұл көрсеткіш күнде өзгереді. Бүгінгі күні бір тәулікте Дариян ауылдық округінен 7, Переметныйдан 7, Мичириннан 7, Асаннан 2, Трекиннан 5, Көшімнен 3 азамттан вирус жұқтырған. Осы ретте, аудан тұрғындарын вируспен бірге күресіп, денсаулығымызға сақтықпен қарауға шақырамын,- дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбетәлиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы