23.07.2021, 14:48
Қараулар: 69
Жағдай тұрақтар емес

Жағдай тұрақтар емес

Бәйтерек ауданында эпидимиологиялық ахуал өзгеріссіз. Аудан әлі «қызыл аймақта». Қазіргі таңда 458 тұрғын вирус жұқтырған және науқастардың саны күннен күнге артып келеді. Бұл жағдай аурудың таралу қаупінің жоғары деңгейде екенін білдіреді.

-Індетке шалдыққан науқастардың 386-ы симптомды, 72-і симптомсыз. 26 азамат ауруханада ем алуда. 432 адам үй карантиніне оқшауландырылған. Індет жұқтырғандардың ең көбі Переметный, Дариян, Мичурино, Достық ауылдық округтерінен болса, ал ең аз ауру жұқтырғандар Рубежка, Чирово, Погодаево, Октябрьское ауылдарында екен. Бұл ақпратты бізге аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев берді.

Ауданның бас санитары елді сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы