18.08.2021, 9:34
Қараулар: 39
Заңсыз қару табылды

Заңсыз қару табылды

«Қару-2021» жедел профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолданып жасалатын қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау мақсатында жүргізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу үшін полиция қызметкерлерінен арнайы жұмыс тобын құрылып, ішкі істер органдарында тіркелген аңшылық қару мен өзін-өзі қорғау қаруларын сақтау ережелерін бұзылмауын қадағалап жүр. Сонымен қатап тұрғындардың қару құжаттарын уақытылы рәсімдеуі де тексеріледі.

-Профилактикалық шара шеңберіндегі тексеріс кезінде ауданға қарасты Кожевниково ауылындағы шаруа қожалығын тексеру кезінде Приурал полиция бөлімінің, учаскелік полиция инспекторы А. Мұханбетқалиев «Д» есімді ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тауып, тәркіледі. «Д»-ға ӘҚБтК-нің 482-бабы ішкі істер органдарында тіркелмеген, газды қаруды және оның оғын, сол сияқты электрлік, пневматикалық қаруды заңсыз сақтау, беру, өткізу, алып жүру, тасымалдау бойынша әкімшілік іс қозғалды,-дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Азамат Жумагулов.

Полиция бөлімі аудан тұрғындарын қару құжаттарын уақытылы рәсімдеп, заң бұзушылыққа жол бермеулерін сұрайды.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы