6.04.2021, 9:25
Қараулар: 42
Мектеп асханалары талапқа сай

Мектеп асханалары талапқа сай

Мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыру мен оқушылар тұтынатын ыстық тамақ сапасын бақылау мақсатында аудандық «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған партиялық бақылау комитеті аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп Переметный ауылындағы Камен, Переметный, Қ.Аманжолов атындағы мектептер мен «Еркем-ай» балабақшасының асханаларын аралап, ас мәзірімен танысты.

Сонымен қатар бақылау комитетінің мүшелері азық-түлікті жеткізушілердің жауапкершіліктерін қадағалап, асхана тазалығы мен карантиндік режимнің сақталу жағдайын да қадағалады.

Рейд барысында оқушылар мен балабақша тұтынушыларын ыстық тамақпен тамақтандыру перспективалық мәзірге «қыс-көктем (жаз-күз)» мезгілдеріне сәйкес жүзеге асырылатындығы, сонымен қатар, перспективалық мәзірге сәйкес күнделікті ас мәзірі құрылып, аудандық білім беру бөлімінің келісімімен, білім мекемесінің директорлары бекітетіндігі анықталды. Оқушылардың уақытылы тамақтанып, сабақтарына үлгеруі мақсатында тамақтану кестесі және тамақтану барысында карантиндік тәртіпті сақтау үшін мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған.

Тексеріс жүргізілген барлық мектептерде оқушылардың қол жуатын жері ұйымдастырылған. Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімдері санитарлық талаптарға сай болып шықты. Оқушыларға берілетін тамақтың сапасын күнделікті бақылау мектептің медбикесіне жүктелген.

Айта кетейік қазіргі таңда Камен мектебінде 1-4 сыныптарда 116 бала, 5-11 сыныптарда аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан барлығы 20 бала, Переметный мектебінде 1-4 сыныптарда оқитын 118, 5-11 сыныптарда оқитын 11 бала,, Қ.Аманжолов атындағы мектепте 1-4 сыныптардағы 210 оқушы, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 26 бала тегін тамақтады. Ал «Еркем-ай» балабақшасында 90 бала ыстық және қоғамдық тамақпен қамтылған.

-Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімдері санитарлық талаптарға сай. Оқушыларға берілетін тамақтың сапасы күнделікті бақыланады. Бір сөзбен айтқанда мектеп асханаларының жағдайы қанағаттанарыл,- дейді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ләззат Кажығалиева.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы