29.12.2021, 13:39
Қараулар: 24
Отан қорғаушылар жарысы

Отан қорғаушылар жарысы

Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатында спорт залында 9-11 сынып оқушылары арасында әскери-эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Оқушылардың патриоттық сезімін оятып, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген сайысқа қонақ ретінде Орал қаласындағы №2029 шекара жасағына қарасты Дариян ауылындағы «Орал» шекара бекетінің лейтенанты Құмар Бақытов келді.

Сайыс таныстыру, топ ұранын айту, әскери эстафета яғни АК-74 қаруының оқу макетін бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды шашып жинау, газтұмылдырық және әскери қорғаныш толымын кию сияқты кезеңдерден тұрды.. Сондай-ақ ұлдар кермеге тартылу, топ құрамындағы бір қыз белді бүгіп жазу сынағын тапсырды. Қызықтыы сайыс нәтижесінде әділқазылар шешімімен І орынды 11-сынып оқушыларынан құралған «Сарбаздар» тобы иеленсе, ІІ орынды 10-сынып оқушыларынан құрылған «Көк тарландар», ІІІ орынды 9-сынып оқушыларынан құрылған «Жас жауынгер» тобы еншіледі. Ал, кермеге тартылу бойынша І орынды Мақсат Ғабитов, ІІ орынды Нұржан Шығанбаев ал, ІІІ орынға Мәулен Жалғасұлы ие болды. Қыздар арасындағы «белді бүгіп жазу» сайысында І орынды Айлина Бижанова, ІІ орынды Ақниет Мұратова, ІІІ орынды Сабина Саматова еншіледі. Ұлдар арасында 1 минутқа «белді, қолды бүгіп жазу» сайысында І орынды Маулен Жалғасұлы, ІІ орынды Мақсат Ғабитов, ІІІ орынды Мақсат Ахметов иеленді. Сайыста белсенділік танытып, жақсы нәтижесі көрсеткен оқушылар да марапаттан қалыс қалмады. АК-74 қаруының оқу макетін шашып, жинауда Санжар Жұмыров озық шықты.

Сайыс соңында Орал қаласындағы №2029 шекара жасағына қарасты Дариян ауылындағы «Орал» шекара бекетінің лейтенанты Құмар Бақытов пен мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Исмагулова қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, үздіктер мен белсенділік танытқан ұл-ұқыздарды мектеп директорының арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.

 

Асулан Айдарханов,

Дариян ауылы.