2.02.2021, 14:42
Қараулар: 137
Сақтану — басты қорғаныс

Сақтану — басты қорғаныс

«Covid-19» індетінің беті қайтар емес. Аудан әлі де болса қызыл аймақта. Бүгінде санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды. Осы жайтты аудан жұртына ауылдық округ әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері түсіндіруде.

Жуырда Егіндібұлақ ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен учаскелік полицейлер ауылдағы азық-түлік дүкендерін аралап, сақтық шараларына үлкен мән беру керектігін түсіндірді. Сонымен қатар мұндай шараны Көшім ауылдық округінің мониторингтік топ мүшелері де жүргізді. Жалпы ауданның барлық ауылдарында мұндай шаралар өткізіліп келеді. Трекин ауылдық округінің мониторингтік топ мүшелері де халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді мықтап қолға алған. Трекиндіктер округке қарасты Жайық және Новенький ауылдарына да барып, халықты құлақтандырды.

Бүгінде көп адамның сақтық шараларына мықтап көңіл бөлетіндігі байқалады. Дүкендер мен адам көп шоғырланатын орындардағы ағайын бетперде тағып жүреді. Ал дүкен ішінде қол жууға арналған антисептик күніге жаңартылып отырады екен. Бұл мәліметті жоғарыда аталған ауылдық округтердің мониторингтік топ мүшелері растап отыр.

Мұндай шаралар әлі жалғасатын болады. Өйткені аурудан сақтанудың жалғыз жолы — санитарлық талаптарды мүлтіксіз орындау.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы