13.07.2021, 17:46
Қараулар: 13
Соңғы тәулікте 45 адам індет жұқтырды

Соңғы тәулікте 45 адам індет жұқтырды

Бәйтерек ауданында каронавирустық инфекциямен күрес жалғасуда. Аудан тұрғындарына вакцина салынып, қауіпсіздік ережелері тұрақты бақылауға алынды. Дегенмен де, қазіргі таңда вирустың таралу көрсеткіші бойынша еліміздегі «қызыл аймақтағы» өңірлердің қатарындамыз.

-Соңғы бір тәуліктің ішінде 45 адамның ПЦР тесті оң нәтиже көрсетті. Жалпы аудан бойынша індет жұқтырғандар саны 421 адамға жетіп отыр. Олардың 304-і сиптомды түрде ауырса, 67-і сиптомсыз. 31 науқас ауруханада ем алып жатыр. 390 адам үй карантинінде оқшауланған. Бұл көрсеткіштен вирустың жұғу деңгейінің өсімі байқалып отыр. Осы ретте вирустан сақтанып, гигиенаға баса назар аудару мен бетперде киюдің маңызын еске саламын,- дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы