27.04.2021, 17:48
Қараулар: 47
Тазалықта зор табыс

Тазалықта зор табыс

Сәуір айы басталғалы әр ауылда тазалық шаралары тоқтаусыз өткізілуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, игі іске белсенділер ғана емес ауыл жастары да өз үлесін қосуда.

Жақында Дариян жастары «Таза ауыл» акциясына қатысты. Ауылдағы «Жеңіс» саябағына ағаш отырғызып, ішін қоқыстардан тазартқан қыз-жігіттерге ауыл тұрғындары разы.

Ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, көпшілікті қоршаған ортаны қорғауға, қоқыс шашпауға үндеген акция алдағы уақытта да жалғасады екен. Бұл туралы бізге жастар жетекшісі Марзия Қонысбаева мәлімдеді.

-Тазалық акциясы барлық санитарлық талаптардың сақталуымен оздырылды. Ауыл жастары туған жерінің таза болғанын қалайтынын көрдік. Алдағы күндері ауылдың басқа аймақтарында да сенбіліктер ұйымдастыратын боламыз,-деді М.Қонысаева.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы