23.07.2021, 14:51
Қараулар: 76
Тілсіз жаумен күреске дайын болған дұрыс

Тілсіз жаумен күреске дайын болған дұрыс

Жаздың аптап ыстығы өрт сөндіру мамандарын күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге мәжбүрлейтін мезгіл. Бәйтерек ауданының аумағында 2021 жылдың 3 тоқсанында 27 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл жайында аудандық төтенше жағдай қызметкерлері мәлімдеді.

Биыл дала өрті ауданымыздың 816,1 гектар аумағын шарпыған. Төтеншеліктердің мәліметінше адами факторлар табиғи өрттердің негізгі себепкері болып отыр екен. Өткен жылдан қалған шөпті өртеу, өшпеген темекі тұқылын лақтыру, дәнекерлеуіш құралдарды ұқыпсыз қолдану өрттің белен алуына сеп болатынын айтады төтеншеліктер. Сонымен қатар, еліміздің аумағындағы күннің аптап ысуы да даланың отқа орануына әкеліп соқтыратыны тағы бар.

Жаз маусымы басталғалы ауданда екі ірі өрт фактісі тіркелген. алғашқысы Көшім ауылдық округінде орын алыпты. Ол жақта тілсіз жау 260 гектар жерді күлге айналдырса, Январцев ауылдық округінде болған өрт 520 гектарды шарпыған. Ал Трекин және Достық округтеріндегі электр желілерінің тұйықталуы салдарынан пайда болған өрт кезінде 1995 жылғы азамат қаза тапқан. Қазіргі таңда төтенше жағдай мамандары өрттің алдын алу шараларын күшейтуде.

-Елді мекендер мен дала алқаптарын өрттен қорғау мақсатында құрылған 2 мемлекеттік емес өрт сөндіру бекетті бекеті. Ауданның 22 ауылдық округінде 288 адамнан тұратын 22 ерікті өрт сөндіру құрылымдары бар. Олар 137 дана түрлі автотехника, 222 аспалы өрт сөндіргіштермен жабдықталған. Дала өрті кезінде негізгі күш сол азаматтарға түседі. Еріктілер арқасында біраз жалынның алдын ала алдық. Сондай-ақ аудан аумағында 207 өрт сөндіру гидраты 6 су қоймасы орналасқан, барлық су құбырлары жарамды,-дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Жанболат Жасталапов.

Сондай-ақ Жанболат Маратұлы аудандағы азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен өрт оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылып, үгіт – насихат жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыру керектігін де атап өтті.

Күні кеше басылған ыстық өрт сөндірушілердің бір демалып алуны мұрша бергендей. Осы кезде ерікті өрт сөндіру құрылымдарының дайындығын тексеріп алса да артық бомас еді.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы