1.04.2021, 17:33
Қараулар: 34
Түлектер бастамасы қолдау тапты

Түлектер бастамасы қолдау тапты

Бәйтерек ауданы Көшім орта мектебінің биылғы түлектері білім ордасының ауласына алма көшеттерін отырғызды.

Оқушылардың бұл бастамасы ауыл азаматтары арасында да үлкен қолдауға ие болып, алма алеясы бүгінде алма бағына айналуда. Түлектердің игі ісін мектеп ұстаздары да жалғастыруда. Енді оқушылар еккен 15 түп алма ағашының жанына мұғалімдердің көшеттері отырғызылатын болады. Бұдан бөлек мектеп түлегі, белгілі кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Есен Сүндетов те бастамаға қолдау танытып тағы да алма көшеттерін отырғызбақшы.

-Биылғы түлектер өзара ақылдаса келе білім ордасы жанынан алма бағының алғашқы көшеттерін отырғызды. Әр оқушы өз ағашын күтіп баптап, жерсініп кетуіне үлес қосатын болады. Одан бөлек 52 роза гүлін де ектік. Осылайша өңір басшысының «Менің аулам-менің бағым» жобасына қолдау білдіріпжатырмыз,-дейді мектеп директоры Валентина Семеновна.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы