9.08.2021, 15:28
Қараулар: 46
Шөп шабу науқаны қызы түсті

Шөп шабу науқаны қызы түсті

Бәйтеректе шөп шабу науқаны қыза түсті. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл шаруалар 163,2 мың тонна шөп дайындауы керек екен. Қазіргі таңда ораққа 305 техника жұмылдырылған.

-Ауданға қажетті мал азығын дайындау оңай болмайды. Оның үстіне жаз бойғы күннің аптап ыстығы да даладағы шаруаның жұмысына біраз кедергі келтіріп отыр. Десе де техникасы сайлы, орағы майлы шаруалар қажетті шөпті жинап алуға бар күшін салары сөзсіз. Ол үшін барлық жағдай бар,-дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Лауаз Уәлиев.

140 мыңнан астам гектар жерді шабуға кіріскен шаруалар шөптің орташа шығымдылығы 6,4 центнерді құрап отырғанын айтады. Шаруалар барлығы ойдағыдай болса, науқан соңына қарай жоспарланған межеге жететініне сенімді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы