24.08.2021, 9:44
Қараулар: 46
Щаповтықтар екі тонна қоқыс шығарды

Щаповтықтар екі тонна қоқыс шығарды

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатырған «Бір мақсат – бір уақыт» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары Щапов ауылдық округінде жалғасын тапты.

Акцияға ауыл тұрғындары, ерікті жастар мен мекеме қызметкерлері қатысып, ауыл маңайындағы өзен жағалаулын толығымен тазартып, қалдық қоқыстарды арнайы орынға шығарған.

Ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Жәдігер Қанатұлының айтуынша, ауыл маңайындағы су қоймаларының аумағын тазарту барысында 2 тонна қоқыс шығарылған.

-Акция аудандағы өзен-көлдердің маңайын қоқыс-қалдықтардан тазарту мақсатында оздырылған акция ауыл жастары арасында қолдау тапты. Бұндай шаралар өлкеміздің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Атқарылып жатырған жұмыстар өзгелерге үлгі болып, жалғасын табады деген ниеттемін,-дейді Жәдігер Қанатұлы.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы