26.02.2021, 11:29
Қараулар: 76
Қайырымды істер марафоны қолдау тапты

Қайырымды істер марафоны қолдау тапты

Бәйтерек ауданнында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы Тәйелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафонын» бастады.

Жалпыұлттық жоба ауданның барлық ауылдық округтерде қолдау тауып, түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Мысалы, меценаттардың қолдауымен Январцев ауылында 5 отбасыға азық-түлік жиынты таратылса, Көшім ауылдық округінің жастары ауылда тұратын ауған соғысы ардагерінің үйлеріне барып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Игі істен «Асан-Аул» ЖШС-нің директоры, ауданның құрметті азаматы Бейбіт Асанов та шет қалмай, ауыл жастарының күреске деген қызығушылығын арттыру мақсатында өз қаражатына тұрғызған мәдени-спорт кешеніне 18 дана татами алып берді.

Сондай-ақ, «Мейірім-жүректен, қайырым-ниеттен» қайырымды істер марафоны аясында, Макаров ауылдық округі, Садовое ауылының жастары аз-қамтылған отбасында туған баланың туған күніне коньки сыйлады. Ал, Раздолный ауылында тұратын көп балалы ана Сановар Назарымбетоваға аудандық маслихатының депутаты, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Алексей Герасимов «Күміс алқа» табыстады.

Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған игі шарадан аудандық мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Тілек Залмұқанов та шет қалмады. Ол Янайкин ауылдық округінің Батурин мектебін терезе жалюзілерімен қамтамасыз етті. Ал Белес ауылдық округінің әкімдігі «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты қарияларға азық түлікпен қамтыды.

Ең ерекше көмекті Егіндібұлақ ауылының жастары көрсетті. Олар алдымен «30 игі іс» акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға көмектессе, кейін ауыл маңындағы қараусыз қалған иттерді ұстайтын орындағы мақұлықтарға қажетті азық-түлік алып берді.

«Қайрымды істер марафоны» мен «Мектепке жол» акциялары аясында Рубежин ауылдық округінің «Рубежинское» АШК және «Мырзаджан» шаруа қожалықтары мектептің күрделі жөндеуіне ЖСҚ дайындауға демеушілік көмек етті. «Рубежинское» АШК мектеп жанындағы балабақшаға жаңадан есік қондырды.

Ал Зеленый ауылдық округінде тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттерімен қамтылса, Краснов мектебінің 1991 жылғы түлектері өз мектебіне қайырымдылық жасады.

Аталмыш жоба аудан аумағында әлі де жалғасатын болады.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы