16.08.2021, 16:30
Қараулар: 36
408 адам ауру жұқтырған

408 адам ауру жұқтырған

Коронавирусқа қарсы күрес тоқтаған жоқ. Бәйтерек ауданындағы эпидимиологиялық ахуал бір қалыпты. Десе де 408 тұрғын ауруға шалдыққан.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары бүгінгі көрсеткіш алдыңғы статистикасымен салыстырғанда 70 адамға азайғанын айтады. Вирус жұқтырудың қауіпі әлі де жоғары екендігін ескерген жөн.

-Ауданда вирус жұқтырған 408 науқастың 350-і симптомды, 58-і симтомсыз. 17 адам ауруханада емалып жатыр. 391 азамат үй карантиніне жабылған. Қазіргі таңда Асан, Новенький, Макаров ауылдық окруктерінде аурудың таралуы азайды. Дегенмен алдын-алу шаралы күшейтілуде. Денсаулығына алаңдаған адам сақтыққа үлкен жауапкершілікпен қарап, карантин ережелерін мұқият сақтау керек,-дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы