20.08.2021, 9:54
Қараулар: 44
430 адам індет жұқтырған

430 адам індет жұқтырған

Бәйтерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мезгілімен жаңартып тұратын статистикасына сенсек, соңғы айдағы науқастар санының көрсетікіші бір қалыпты екен.

Бұл вирустың таралу қаупінің әлі де жоғары екенін білдіреді. Алдыңғы статистикада 408 науқас тіркелген болса, қазіргі таңда аудан аумағында 430 адам covid-19-бен ауырып жатыр.

-Бүгінгі таңда тіркелген 430 науқастың 369-ы симптомды, 61-і симптомсыз. 16 азамат ауруханада ем алуда, ал 404 адам үй карантиніне оқшауланған. Карантин ережелерінің күшейуіне байланысты аудан тұрғындарынан денсаулықтарын күтіп, барынша сақтануларын сұраймыз,-дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы