28.01.2021, 10:55
Қараулар: 159
«Айқанат» үлкен мүмкіндік

«Айқанат» үлкен мүмкіндік

«Айқанат» – ол ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалғыз олимпиада ғана емес, сапалы әрі жаңа заман талаптарына сай келетін білім алуға арналған мүмкіндік. Бұл олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл оқушыларына қатыса алады. Бүгінде «Айқанат» сөзі менің өмірімде үлкен орын алады.

Бұл олимпиада туралы мен 9 сыныпта оқып жүргенімді естідім. Іздене келе қатысуға бел будым. Аллдымен аудандық, облыстық кезеңдерін еңсеріп, ақыр соңында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық кезеңінде бағымды сынауға мүмкіндік алдым. Содан бері бірнеше жыл Айқанатта білім алып келемін.

Айқанаттағы оқуымыздың екінші жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қарқынды дайындықты басталды. 11 сынып оқушылары үшін маңызды сынақ саналатын ҰБТ-ның жаңа форматымен таныстыру шаралары да оздырылып тұрады. Оқу барысында Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловпен кездесіп, өзімізді мазалап жүрген сұрақтарымызға жауап ала алдық. Сондай-ақ, биылғы қысқы демалысымызды оқу орыны жанындағы «Winter camp» аталатын керемет лагерінде өткіздік. Айқанат оқушылары үшін биыл ғана салынған Бурабайдағы жаңа мектеп біздер үшін есігін айқара ашты. «Winter camp» оқу лагеріндегі демалысым мен үшін есте қаларлықтай қызықтарға толы болды. Лагерде бізді 5 күн бойы «Educon» компаниясының ұстаздары оқытты. Олардың сабақ тақырыбын түсіндіруіндегі жаңа тәсілдері мен оқушыға көзқарасы таң қалдырды. Біз бұл лагерьде тек оқып қана қоймай, пайдалы тренинг, семинарларға қатыстық. Оқу барысынан қайталанбас мотивация алып, дұрыс мамандық таңдай білу және жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу тақырыбында пайдалы кеңестер алдық.

Лагерде өткізген уақытта мен көптен көріспеген достарымды қайта табыстым. 5 күн ішінде бір-бірімізге етене бауыр басып қалдық. «Winter cam» оқу лагерінде өткізгеніме қысқы демалысым мәңгі есте қалады. Өйткені ол жерде пайдалы әрі қызықты ақпарат алып, барлық уақытымды білімге арнадым.

Тахмина Ақсыйқ

Белес мектебінің

11 сынып оқушысы