6.09.2021, 14:44
Қараулар: 34
Акциядан дәрігерлер де тыс қалмады

Акциядан дәрігерлер де тыс қалмады

«Мектепке жол» акциясына Бәйтерек аудандық аурухана дәрігерлері де белсенді араласуда. Ақ халаттылар аудандағы азқамтылған және көпбалалы отбасыларындағы балаларды мектепке керекті құралдарымен қамтамасыз етті.

Қайырымдылық іс шарасы барысында дірігерлер Переметный ауылындағы мұқтаж отбасы балаларына мектеп құралдарымен қоса, спорттық костюмдер мен аяқ киім тарту етті.

-Аурухуна қызметкерлері көмекті қажет ететін отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Акция барысында аудан орталығында тұрып жатырған 8 оқушыға мектеп формасы, спорт киім, оқу құралдары берілді. Сондай-ақ, аурухана кәсіподағы атынан аурухана жұмысшыларының 1 сыныпқа баратын балаларына сыйлықтар бөлінді. Барлығы 26 балаға көмек көрсетілді, — дейді аудандық арухананың эпидимиолог дәрігері Әсем Әлібиқызы.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы