22.04.2021, 11:03
Қараулар: 29
Алғашқы сенбілікте 391 түп ағаш отырғызылды

Алғашқы сенбілікте 391 түп ағаш отырғызылды

Аудан әкім өкімімен 16 сәуір мен 16 мамыр аралығы санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру айлығы болып жарияланды. Өткен демалыс күндері алғашқы сенбіліктер өтті.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары берген мәліметке сенсек, сенбілікке екі мыңға жуық адам, 50-ден астам техника жұмылдырылыпты.

Барлық ауылдық округте бір мезетте басталған сенбілікке әдеттегідей мекеме-кәсіпорындар ұжымдары ғана емес, волонтерлар мен қарапайым тұрғындар да белсенді атсалысқан. Сенбілікке қатысқан екі мыңға жуық адамның 500-ден астамы волонтер болса, 900-ге жуық тұрғын өз еркімен шығыпты. Айлық барысында ауылдарды тазалау, тал отырғызу гүл егу жұмыстары жүргізіледі. Алғашқы күннің өзінде бәйтеректік ағайын 391 түп ағаш отырғызып үлгерген.

Алдағы апта соңында да сенбілік өтетін болады. Десе де бұл басқа уақытта ауыл ішін ластауға немесе жинамауға да болады деген сөз емес.

Түгелбай Бисен