17.05.2021, 12:02
Қараулар: 39
Ардагерге құрмет көрсетті

Ардагерге құрмет көрсетті

Қасым Аманжолов мектебінің оқушылары ауданда қалған төрт соғыс ардагерінің бірі переметныйлық Макар Макаровичпен Дорошенкомен кездесті.

Жүздесу барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Лұқпанқызы бейбіт күн сыйлаған майдангерге алғысын жеткізсе, оқушылар өз арнауларын оқып, гүл шоқтарын тарту етті. Өскелең ұрпақтың құрметіне разы болған қария сұрапыл соғыс кезеңдегі жағдайларды еске алып, аға ұрпақтың басына түскен қиыншылықтар туралы әңгімелеп берді.

Кейін аға тәлімгер және мектеп психологы да өз ізгі тілектерін білдіріп, елдегі бейбітшілік пен келісім, бірлік пен тыныштық жас өмірін майданда өткізген ардагерлердің арқасында келгенін атап өтті.

Кездесу соңында оқушылар ардагердің ауласына раушан гүлдерін отырғызып, үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатты.

Темірлан Талантұлы,

Бәйтерек ауданы,

Қасым Аманжолов атындағы мектеп мұғалімі