5.01.2022, 9:49
Қараулар: 20
Ардагерді құттықтады

Ардагерді құттықтады

Жаңа жыл мерекесіне орай Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Ивановна Макиевскаяның үйіне арнайы барып, ақжарма тілегін білдіріп, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтау хатымен жаңа жылдық сыйлық табыс етті.

 Өңір басшысының көрсеткен сый-құрметіне ризашылығын білдірген Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Ивановна ақ батасын беріп, ел амандығын тіледі.
-Еліміздің ынтымағы артып, бірлігі бекем болсын Жаңа 2022 жыл абыройлы жеңістерге бастасын. Тек жақсылық алып келр жыл болсын, – деді ардагер Татьяна Макиевская.
Айта кетейік қаңтардың 15 күні Татьяна Ивановна 99 жасқа толады.

Гүлжан Аязбаева

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz