30.12.2021, 11:52
Қараулар: 27
Ардагерлерді құттықтады

Ардагерлерді құттықтады

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қатары сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерінде болып, жаңа жылмен құттықтады.

 

Тоқсан тоғыз жасқа келген Татьяна Иванова әр мереке сайын елеп, арнайы келетін аудан басшысына ақ тілегін білдіріп, еліміз тыныш, ел басқарған азаматтар әділ болсын деген тілегін жеткізді.

Кездесу соңында аудан әкімі енді бірер аптадан соң жүз жасқа келетін кейуананың ел үшін, ұрпақ үшін атқарған еңбегі өлшеусіз екенін жас ұрпақ еш уақытта ұмытпайтынын айтты.

Одан соң Рубежка ауылына тоқтаған Марат Лұқпанұлы қарт ардагер Александр Старцевтің үйіне тоқтады.

-Ел басына күн туған қиын шақта жас өмірін майдан даласында өткізген аға ұрпақтың ерлік ісі – көпке үлгі. Бүгінгі ашық аспанымыз бен тату өміріміз ел үшін толарсақтан саз кешкен аға-апаларымыздың арқасында келгенін біз ұмытпаймыз,-деді ардагерге ақ тілегін білдірген аудан әкімі Марат Тоқжанов.

Құрметке разы болған соғыс ардагері де аудан басшысына ақ батасын беріп, ел амандығын тіледі.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz