3.03.2021, 16:35
Қараулар: 67
Арнайы мекеме қайырымдылық жасады

Арнайы мекеме қайырымдылық жасады

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай қолға алынған «Қайырымды істер» марафоны өз жалғасын тауып келеді. Жақсылық жасауға ұмтылған әр бәйтеректік жоғарыда аталған жалпыұлттық жобаға барынша үлестерін қосуда.

Жуырда Переметныйдағы Бәйтерек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ауылда тұратын мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

-«Қайырымды істер» марафоны – бұл халықты өзара біріктіретін қозғалыс. Елімізде қолға алынған, Президентіміздің өзі бастаған акцияға үлес қосу мақсатында Переметный ауылында тұратын бір отбасыға көмек көрсетуді ұйғардық,-дейді арнаулы мекеме басшысы Альберт Талпахов.

Бұнымен ауданымыздағы «Қайырымды істер» жалпыұлттық жобасы аяқталмайды. Қазір әр ауылда жастар, волонтерлар мен түрлі сала қызметкерлері қолынан келгенше жақсылық жасап жарысуда. Алдағы уақытта бұл іс-шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы