2.07.2021, 9:16
Қараулар: 16
Аудан қызыл аймаққа өтуі мүмкін

Аудан қызыл аймаққа өтуі мүмкін

Өңір қызыл аймаққа енгені белгілі. Осы күні Бәйтерек ауданыдағы эпидимиологиялық ахуал да ушыға түсті. Соңғы аптада вирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, алдыңғы статистикаға қарағанда көрсеткіш нашарлаған.

-Соңғы тәулікте ауданда 31 адам вирус жұқтырды. Қазіргі таңда індет жұқтырғандадың жалпы саны 354 адамға жетіп отыр. Олардың 304-і сиптомды болса, 50 адам сиптомсыз. 31 науқас аурухана ем алып жатыр. 232-і үй карантиніне оқшауланған. Бұл көрсеткіштен вирустың жұғу деңгейінің өсімі байқалып отыр. Осының салдарынан ауданның «қызыл аймаққа» енуінің қауіпі бар,-дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбеталиев.

Ауданның бас санитарының айтуынша, вирус жұқтырғандардың күрт өсуіне тұрғындардың бейқамдығы себеп болып отыр екен. Сол себептен маска режімін бұзбаған абзал. Сондай-ақ екпе алуды да ұмытпаған абзал.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы