1.06.2021, 17:03
Қараулар: 72
Ауру беті қайтқандай

Ауру беті қайтқандай

Бәйтерек ауданында эпидимиологиялық ахуалды қадағалау мен карантин ережелерін сақтану нәтижесінде ауру жұқтырғандар саны азайып келеді. Бұл алдыңғы айлардағы көрсеткішпен салыстыру нәтижесінде анықталған. Covid-19 ауруын жұқтырғандар тұрақты ем алып, жаңадан ауырғандар саны кеми түскен, сондай-ақ вирусқа қарсы екпенің де оң әсері байқалуда екен.

Бұл жайында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев баяндап етті. Оның айтуынша, соңғы статистикамен салыстырғанда ауданда 390 азаматтан індет белгілері байқалған. Олардың 280-ні симптомды, 110-ы симптомсыз науқасқатанғандар көрінеді.

-Қазіргі таңда 56 науқас ауруханада ем алып жатса, ал қалған 334-і үй карантиніне жабылған. Дегенмен де, жағдайдың тұрақталуына қарамастан вирустың қайта өршіп, басқа да аймақтарға таралуын алдын-алу мақсатында сақтық ережелерін қатаң сақтаған абзал,-дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы