28.04.2021, 18:24
Қараулар: 32
Ауызашар дәмі таратыллды

Ауызашар дәмі таратыллды

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған адамдарға ауыз аштырған адамға ораза ұстаған адамның сауабындай сауабы жазылады. Өкінішке орай еліміздегі індетке байланысты және аудан қызыл аймақта болғандықтан, жиналып ауызашарлар беруге тыйым салынды.

Осы орайда Бәйтерек ауданы орталығындағы «Жұбан молда» мешіті ораза ұстаған жандарға «Рамазан қоржынын» таратты. Жалпы мешіт қызметкерлері ауыз бекіткен 35 адамға қоржын таратты.

Алланың қалауымен алдағы уақытта осындай игі шаралар өз жалғасын табатын болады. Алла Тағала қасиетті Рамазан айында жасаған құлшылықтарымызды, ұстаған оразаларымызды қабыл етсін!

Бейімбет ДҮЙСЕНӘЛІ,

«Жұбан молда» мешітінің бас имамы