17.05.2021, 11:59
Қараулар: 32
Ауылдасын газетке жазды

Ауылдасын газетке жазды

Баспасөзге жазылу науқаны басталғалы түрлі мекемелер мен ұйым қызметкерлері келіп, аудан және облыстық қос газетке жазылуда.

Баспасөз құралын халықтың көзі, құлағы һәм тілі деп білетін бәйтеректік Мейірімбек Бисекешев өзі тұратын Трекин ауылдық округіне қарасты Новенький елді мекенінің ардагерлерін газетке тегін жаздырды.

-Ауыл халқы ауданда не болып жатқанын біліп отыруы керек. Ал туған жерімізде орын алатын жақсылықтарды көпшілікке бұрмалаусыз «Ауыл тынысы» газеті жеткізеді. Сол себепті елге ақыл айтып, сөзі өтетін қарияларға өз қаражатыма газет жаздым,-дейді Мейірімбек Бисекешев.

Ауылдық округтің жергілікті қауымдастық мүшесі саналатын Мейірімбек мырза елді екеннің басқа да тұрғындарын газетке жазылу керектігін қашан да үгіттеп жүреді. Болашақта новенькийлық жастарды да жазылым науқанына тарту ойы бар.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы