24.05.2021, 17:56
Қараулар: 26
Ауыл әжелерін газетке жаздырды

Ауыл әжелерін газетке жаздырды

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық клубының меңгерушісі Толқын Исмагулова клуб жанынан құрылған әжелер ансамблінің мүшелерін өз атынан аудандық газетке жаздырды.

-Аудандық газет елдегі болып жатқан жақсылықты жіпке тізіп, уақтылы ақпарат беріп отырады. Соңғы жылдары «Ауыл тынысының» сайты мен әлеуметтік желідегі парқшасынан барлық жаңалықтарды оқып отырамыз. Ал аға буын өкілдері интернетті көп пайдалана бермейді. Сондықтан клубқа келіп, өз ансамблдерін құрған әжелер де барлық жаңалыққа қанық болсын деген ниетпен 10 газет жаздырдым,-дейді Толқтын Мүрсәлімқызы.

Игі бастаманы биыл новенкийлық және Егіндібұлақ ауылында тұратын кәсіп иелері қолға алып, ауыл ақсалдары мен кейуаналарға деп газет жаздырған-ды. Енді олардың қатарында клуб меңгерушісі Толқын Исмагулова қосылды. Табыс тауып, еңбегімен ел игілігін еселеп жүрген азаматтардың осындай қадамын басқа да азаматтар қолдайтынына сенеміз.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы