20.04.2021, 14:59
Қараулар: 40
«Ақас» 15500 балапан таратты

«Ақас» 15500 балапан таратты

Күні кеше елге белгілі кәсіпкер «Ақас» агрофермасының басшысы Қатауолла Ашығалиев Переметный ауылының тұрғындарына 1726 тауық балапанын тегін бергеннін жазған болатынбыз.

Дәл осындай акция Көшім ауылында да оздырылды. Аталған ауыл тұрғындарына Қатауолла Миралиұлы 1300 балапан сыйлады. Ауылдық округ әкімдігі шөжедерді аз қамтылған және көпбалалы 65 отбасыға бөліп берді.

Аудандық ауыл шаруашылғы бөлімінің берген мәліметіне сенсек, «Ақас» агрофермасы Бәйтерек ауданының барлық ауылдық округтеріне осындай сый жасап жатыр екен. Бөлім мамны Гүлжан Шатокқызы ауданға жалпы саны 15500 балапан бөлінгенін айтады. Бүгінде ол шөжелер барлық ауылдарға жетізіліпті.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы